Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кореялық музыкант Батырхан Шүкеновтің "Дождь" әнінің корей тілінде орындап көптің алғысына бөленді (видео)

Опубликовано:

Оңтүстіккореялық музыкант Сон Вон Соб Шүкеновтің әніне кавер жазды
Сон Вон Соб. Видеодан кадр: YouTube/song wonsub송원섭

Оңтүстіккореялық музыкант Сон Вон Соб Батырхан Шүкеновтің әйгілі "Дождь" әнін кавер нұсқада орындады. Әлеуметтік желі қолданушылары корей тілінде айтылған трек пен әртістің дауысына жоғары баға беруде, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Вон Соб танымал әртістердің әндеріне жиі кавер жасап, оны өзінің YouTube арнасында жариялайды.

Олардың ішінде Мұрат Насыровтың, Jah Khalib-тің, Виктор Цойдың, Kazka-ның, Дима Биланның, Валерий Меладзенің және басқа да әншілердің орындауындағы әндер бар.

Енді Вон Соб марқұм Батырхан Шүкеновтің "Дождь" әнін кавер нұсқада орындап көрген.

Бұл әнді корей тілінде естіген желі қолданушылары музыкантқа алғысын жаудырды.

"Сон Вон Соб, осындай әдемі ән үшін рахмет! Сондай нәзік, шынайы. Тыңдай бергің келеді. Рахмет саған!", "Сіз біздің әндерді корей тілінде сондай нәзік әрі жан-тәніңізбен орындайсыз... Әндерімізге жаңа өмір сыйлап, бізді жақындастырғаныңызға рахмет, Вон Соб! "Батырхан Шүкеновтің шығармашылығын біле отырып, бұл корей тіліндегі шедевр деп айта аламын, Вон Соб, браво! Жүрегің ауырады, мәңгілік жадымыздасың, біз сені ұмытпаймыз, Батырхан! Көп рақмет", – деп түрлі пікір қалдырған желі қолданушылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2004831-tyndai-bergin-keledi-koreyalyq-muzykant-batyrxan-sukenovtin-aninin-korei-tilinde-oryndap-zelidegilerdin-algysyna-bolendi-video/

pixel