Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайнар Алагөзов теріс жолға түскен кезін еске алып, өз өкініші туралы айтты (видео)

Опубликовано:

Қайнар Алагөзов
Қайнар Алагөзов. Фото: instagram.com/kainaralaguzov

Елімізге танымал ақын Қайнар Алагөзов бүгінгі таңда Алматы қаласынан туған жері Ақтөбеге қайта оралған. "Уақыт көрсетеді" бағдарламасында ақын кезінде зиянды заттар пайдаланғанын мойындады. Ақынның айтуынша, бүгінде ол күндер артта қалған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бағдарлама барысында жүргізуші есірткі заттарын пайдаланған-пайдаланбағаны сұрап, сауал қойды.

Қайнар Алагөзов өмірде ащының да, тұщының да дәмін татып көргенін жасырмай айтты.

""Негізінде қателеспейтін пенде жоқ қой. "Адасқан жанда айып жоқ. Үйірін қайта тапқасын" дейді. Жастықпен кімде не болмады? Бүгінгі таңда ішпеймін, шекпеймін, карта ойнамаймын.

(...). Қателікпен ащының да, тұщының да дәмін татып көрдік.

Уақытымды, денсаулығымды, достарымды жоғалттым. Тапқанымды екі бастан сол жаққа жұмсаймын. Нақты қанша ақша кеткенін айта алмаймын. Соның бәрін өтіп көру керек болған шығар. Ешкімнен қалып қойған жоқпын деп есептеймін", - деді ақын Қайнар Алагөзов.

Сонымен қатар ақын өнер әлеміндегі талай жастардың осы зиянды дүниеге тәуелді екенін жеткізді.

"Мына өнерде жүрген бауырларымыздың көпшілігі осы дүниеге тәуелді екенін көзіміз көріп жүр. Жастар неше түрлі химиялық ұнтақтарға тәуелді. Ондай адамға тіпті ренжуге де тұрмайды. Сондай дәрежеге дейін төмендеп, өзінің не істеп жүргенін білмейді. Көзінің алдындағыдан басқа нәрсені көрмейді. Солай жүргені өкінішті енді.

Ең қуанатыным, бүгінгі таңда ондайдан аулақпын. Бағдарламаны көріп отырған жастарға "Қолдарыңнан келгенше таза жүріңдер. Адал өмір сүріңдер" деген ақыл айтамын. Өз еріктеріңмен мұны тоқтату қиын болса, арнайы сауықтыру орталықтары бар", - деді жан сырын ақтарған Қайнар Алагөзов.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін ақын әнші Ерке Есмаханнан көп жақсылық көргенін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2004942-uaqytymdy-densaulygymdy-dostarymdy-zogalttym-qainar-alagozov-teris-zolga-tusken-kezin-eske-alyp-oz-okinisi-turaly-aitty-video/

pixel