Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кейпі бұзылған": Бақыт Тұрман зиянды әдетке әуестенгенін айтқан ақын Қайнар Алагөзовке қатысты пікір білдірді (видео)

Опубликовано:

Қайнар Алагөзов
Қайнар Алагөзов. Фото: instagram.com/kainaralaguzov

Осыдан бірнеше күн бұрын танымал ақын Қайнар Алагөзов кезінде зиянды заттар пайдаланғанын мойындаған болатын. Ақынның сұхбатын көрген әнші Бақыт Тұрман оның сөйлеуі мен ойлауы баяулағанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әншінің Қайнар Алагөзов жайлы пікірін Kaz.stars Instagram парақшасы жариялады.

"Жаңа ғана Қайнар Алагөзовтің сұхбатына көзім түсті. Өзі айтып отыр, зиянды әдеттерге кетіп қалған ғой. Тыңдап отырсам, адамның кейпі бұзылған. Ойлауы, сөйлеуі, ойын жеткізуі баяулаған.

Әйтпесе, керемет ақын. Батыстың жігіті ғой, ортада тым жақсы жүретін сияқты еді. Ақындардың сөзі өткір болады. Олар тез сөйлейді, тез ойлайды. Мен таңғалып отырмын. Менің ойымша, ол кісі "оқиға сабақ болсын" деп сұхбат беріп отыр. Өзі де жастарға "Осындай нәрсеге бармаңдар" деп айтып отыр", - деді Бақыт Тұрман.

Естеріңізге сала кетейік, Қайнар Алагөзов кезінде зиянды заттар пайдаланғанын мойындады. Ақынның айтуынша, бүгінде ол бұл әдеттің барлығынан бас тартқанын мәлім етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2005452-keipi-buzylgan-baqyt-turman-ziyandy-adetke-auestengenin-aitqan-aqyn-qainar-alagozovke-qatysty-pikir-bildirdi-video/

pixel