jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    Димаш Құдайберген өз атын пайдаланатын алаяқтардың барын айтып, тыңдармандарына үндеу жасады (видео)

    Димаш Құдайберген
    Димаш Құдайберген. Фото: dimashnews.com

    Танымал әнші Димаш Құдайберген Instagram парақшасында үндеу жариялады. Әнші көпшілікті өз атын пайдаланатын алаяқтардан сақ болуға шақырды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Осы уақытқа дейін менің атымнан ашылған әлеуметтік желідегі парақшаларға мән бермедім. Алайда, байқағандарыңыздай, ақша сұрайтын алаяқтар пайда болуда", - деді әнші.

    Оның айтуынша, алаяқтар жалған парақша арқылы түрлі ойындар мен лоторея өткізіп, әншінің тікелей эфирінің видеоларын алаяқтық мақсатта пайдалана бастаған.

    "Сіздер білесіздер, мен ешқашан ондаймен (алаяқтықпен - ред) айналыспаймын. Сеніп қалатын адамдардың бары өкінішті. Сіздерге ескерткім келеді, ғаламтор арқылы ешкімге ешқандай ақша жібермеңіздер", - деді Димаш Құдайберген.

    Димаш Құдайберген өз атын пайдаланатын алаяқтардың барын айтып, тыңдармандарына үндеу жасады (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.