Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ: Бурак Өзчевит пен Фахрие Евженнің отбасында екінші сәби дүниеге келді

Опубликовано:

Бурак Өзчевит пен Фахрие Евжен
Бурак Өзчевит пен Фахрие Евжен. Фото: instagram.com/evcenf

Түркиялық жұлдызды жұп Бурак Өзчевит пен Фахрие Евжен екінші рет сәбилі болды. Актер мен актрисаның отбасында ұл бала дүниеге келді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Gecce Instagram парақшасының мәліметінше, Бурак Өзчевит пен Фахрие Евжен екінші ұлын Керем деп атаған.

Керем Түркияда орналасқан америкалық ауруханада өмірге келген. Айта кетейік, актриса тұңғышын да осы ауруханада босанған.

"Жұбайын босану кезінде жалғыз қалдырмаған Бурак Өзчевит эмоцияға толы сәтті бастан өткерді", - деп жазды басылым.

Жұлдызды жұпты жанкүйерлері әлеуметтік желіде жарыса құттықтауда.

Естеріңізге сала кетейік, Бурак Өзчевит пен Фахрие Евжен 2017 жылы отбасын құрды. 2019 жылы жұлдызды жұптың тұңғышы Каран өмірге келді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2005914-baq-burak-ozcevit-pen-faxrie-evzen-ekinsi-ret-ata-ana-atandy/

pixel