Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерке Есмахан мәһрге не сұрағанын айтты (фото, видео)

Опубликовано:

Ерке Есмахан, Раим Бақтыгереев
Ерке Есмахан, Раим Бақтыгереев. Фото: instagram.com/raimkzt

Танымал әнші Ерке Есмахан жақында отандық әнші Раим Бақтыгереев пен мұсылманша некесін қидырды. Өнер иесі жұбайынан мәһрге не сұрағанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ерке Есмахан Instagram желісінде оқырманының сауалына жауап берді.

Желі қолданушыларының бірі әншінің мәһрге не сұрағанын білгісі келіп, сауал жолдаған.

"Жан жарымның бір үйір жылқысы бар. "Менде де кемі біреуі болсын" деп, ақ тұлпар сұрадым", - деді Ерке Есмахан.

Естеріңізге сала кетейік, қос әншінің кездесетіні жайлы қауесет желіге тарап, кейінірек Раим бұл ақпаратты растаған болатын.

Ал арада бірнеше күн өткенде жұлдызды жұптың мешітте некесін қидырғаны белгілі болды.

Сонымен қатар Раим өнерден айырылса да, махаббаттан айырыла алмайтынын айтып, көпшіліктен өздерін сынамауды сұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2006658-erke-esmaxan-mahrge-ne-suraganyn-aitty-foto/

pixel