Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"5:32" хикаясында маньяк әйелдің рөлін ойнаған актриса: Муляждарды көргенде, жүрегім аузыма тығылғаны рас

Опубликовано:

Жәудір Сарыпбекова
Жәудір Сарыпбекова. Фото: 5:32 сериалы

Елімізде біраз уақыт бұрын көпшілікке ұсынылған 5:32 веб-сериалы жұрттың жүрегін жаулап алған еді. Веб-сериалдың кезекті санында маньяк әйелдің рөлін ойнаған актриса Жәудір Сарыпбекова түсірілім барысында қандай сезімде болғанын NEGE.KZ сайтына берген сұхбатында айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Сериалға үш күн бойы түстім. Алғашында ескі үй мен адам етіне сәйкестендіріп жасалған муляждарды көргенде, жүрегім аузыма тығылғаны рас. Бірақ, түсірілім жұмыстары біткен соң, ол көріністерді ұмытып кеттім. Фильм шыққан соң актерлік шеберлігімді сырттай сынап қарауым мүмкін, бірақ образға кіріп кету деген әдет менде мүлде жоқ. Маған тек халықтың түскен туындыма берген бағасы ғана әсер етуі мүмкін.

Мәселен, кейбіреулер парақшамдағы жазбаларымның соңына ойнаған кейіпкерімді алға тартып, "осы әйелді жек көрем" деп жазып жатады. Сенің экрандағы бейнең бар болғаны образ екенін біле тұра, соңыңнан түрлі әңгіме айтатын адамдарға таң боламын", - деді актриса.

Сонымен қатар Жәудір Сарыпбекова аталмыш сериалға қатысты плагиат дауына да жауап бере кетті.

"Мұндай әңгімені құлағымның шалғаны рас. Бірақ тікелей өзіме қатысты мәселе болмаған соң ақ-қарасын анықтауға тырыспадым", - деп жауап берді актриса.

Айта кетейік, отандық "5:32" веб-сериалы миллиондаған қаралымға ие болып, көрерменнің көңілінен шыққан туынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2006713-532-xikayasynda-manyak-aieldin-rolin-oinagan-aktrisa-mulyazdardy-korgende-zuregim-auzyma-tygylgany-ras/

pixel