jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "Телефонын ақтаратын әдетім бар еді": Отандық актриса күйеуін қызғанатын сәттері болғанын жасырмай айтып берді

    Жәудір Сарыпбекова жұбайымен
    Жәудір Сарыпбекова жұбайымен. Фото: NEGE.KZ

    Отандық актриса Жәудір Сарыпбекова алғаш отбасы құрған жылдары жұбайының телефонын ақтаратын әдеті болғанын айтты. Актриса күйеуі Руслан Нұрманов сериалға түскен кезде, оған түрлі сылтаумен хабарласа бергенін де NEGE.KZ сайтына берген сұхбатында жасырмай баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Өткен жылы Руслан "Сүйіктім" деген телехикаяға түсті. Басты рөлде ойнаған актриса да үріп ауызға салғандай сүйкімді қыз екен. Сонда әрнәрсені бір сылтауратып, телефон шала бергенім бар. Ал кейде іш тартып, қызғанбай қалатын кездерім болады", - деді актриса.

    Сонымен қатар Жәудір Сарыпбекова алғаш үйленген жылдары қызғаныштан жұбайының телефонын ақтаратын әдеті болғанын да мойындады.

    "Үйленген жылдары телефонын ақтаратын әдетім бар еді. Бір шәкірттері "аға" деп жазып қалса, тіпті селк ететінмін. Кейіннен оның бәрі өзіме ауыр тиетінін түсіндім", - деді актриса.

    Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін актриса көпшіліктің көңілінен шыққан 5:32 веб-сериалының түсірілімі кезінде қандай сезімде болғанын бөліскен болатын.

    "Телефонын ақтаратын әдетім бар еді": Отандық актриса күйеуін қызғанатын сәттері болғанын жасырмай айтып берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.