Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желіде Тоқтар мен Бейбіттің "қайтыс болғаны" туралы жалған ақпарат тарады

Опубликовано:

Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуалиева
Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуалиева. Фото: instagram.com/toktar_beibit

Әлеуметтік желіде жұлдызды жұп Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуалиеваның жол апатынан "қайтыс болғаны" туралы жалған ақпарат тараған. Бұл мәліметті Бейбіт Сейдуалиева Instagram парақшасында бөлісіп, пікір қалдырды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әнші желіде бөліскен ақпаратта жұлдызды жұптың суреті мен "Жеті минут бұрын екі адам қайтыс болды. Тоқтар Серіков. Жол апатынан қайтыс болды" деген жазба жазылған.

Осы ақпаратты парақшасында бөліскен Бейбіт Сейдуалиева "Алла сақтасын! Не сұмдық мынау?", - деп жазды.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Тоқтар Серіков 15 жыл отасқан жұбайы Бейбітті көрмей қалса, әлі күнге іздеп тұратынын айтқан болатын.

"Менің де, Бейбіттің де бойында бар қасиет - бір-бірімізді көрмесек тұра алмаймыз. Бұл кісі шәйімді құйып бермесе, қолынан ыстық тамақ ішпесем қатты іздеймін. Мүмкін қатты бауыр басып қалған шығармыз. Табиғатымда қатынжандылық жоқ. Бірақ бұл кісі шәйімді жақсылап беру керек екенін, басымнан сипау керек екенін біледі", - деді Тоқтар Серіков.

Бейбіт Сейдуалиева сторис
Бейбіт Сейдуалиева сторис. Скриншот: instagram.com/toktar_beibit

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2006807-zelide-toqtar-men-beibittin-qaitys-bolgany-turaly-zalgan-aqparat-tarady/

pixel