Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Марат Омаровтың қызы Америкада би байқауынан бірінші орын иеленді (фото)

Опубликовано:

Марат Омаров
Марат Омаров. Фото: Композитордың жеке мұрағатынан

Бүгінде Америка Құрама Штаттарында тұрып жатқан композитор Марат Омаров кенже қызының жетістігін қуана хабарлады. Әншінің қызы Бибімариям Америкада би байқауынан бірінші орын иеленген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қызының жетістігін әнші Instagram желісінде хабарлады.

"Grv baby dance"командасының көшбасшысы, қазақтың қызы Бибімариям Омарова Американың Лос-Анджелес қаласында халықаралық би байқауынан бірінші орынды жеңіп алды. Құтты болсын, қазақ елі", - деп жазды Марат Омаров.

Айта кетейік, осыған дейін бір сұхбатында Марат Омаров Америкада қалу себебін қызы Бибімариямның болашағымен байланыстырған болатын. Сөзінше, кенже қызы Бибімариямға бұл елде жаңа мүмкіндіктер ашылған. Ол келер жылы Нью-Йорк фильм академиясына түсуді мақсат етіп отыр.

"Америкаға бастапқыда келерде осылай оншақты қаланы аралауды жоспарлаған болатынбыз. Ол бұйыртса екі айда бітеді ғой деп ойлағанбыз. Қазір 11-ші айға дейін созылып жатқан себебі – Біріккен ұлттар ұйымының мәдениет кеңесшісі болып тағайындалдым. Содан кейін мені Біріккен Ұлттар Ұйымына қабылдады.

Кейін қызым Бибімариямның осы жерде оқуға түсуін қарастырдық. Ол режиссураны таңдады. Қазір қызым үлкен жетістікке жетіп жатыр. Америкадағы үздік бестіктің ішіндегі үлкен командаға кірді. Амерканың түрлі қалаларындағы конкурстарға қатысып, алдыңғы орындарды алып жатыр. Ал келер жылы 18 жасқа толғанда Нью-Йорк фильм академиясына түсуді мақсат етіп жатырмыз. Ол академиямен бұрыннан байланысым бар, директоры қазақстандықтарға оң көзімен қарайды", - деген болатын Марат Омаров.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2007410-marat-omarovtyn-qyzy-amerikada-bi-konkursynan-birinsi-oryn-ielendi-foto/

pixel