Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Гауһар Әлімбекова басына іс түскенде, "жақын құрбылары" жанынан табылмағанын ашық айтты

Опубликовано:

Гауһар Әлімбекова
Гауһар Әлімбекова. Фото: instagram.com/gauhar_alimbekova_official

Танымал әнші Гауһар Әлімбекова осыдан бірнеше жыл бұрын істі болып, сот залынан кінәсі дәлелденбегендіктен ақталып шыққан болатын. Өнер иесі басына іс түскенде, жақын құрбыларын жанынан таппай қалғанын "1001 түн" бағдарламасында айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Шынымды айтайын, дәл сол жағдай болғанда, құрбыларым болған жоқ. Бір-екі "жақын құрбым" деп жүрген адамдарды таппай қалдым. Ол да бір Алланың сынағы ғой. Бірақ, мен өте кешірімдімін. Анам үнемі "Кешірімшіл бол! Сен баға беретін ешкім емессің. Бәрін Құдай көріп отыр" дейтін", - деді Гауһар Әлімбекова.

Айта кетейік, 2019 жылдың 30 қаңтарында Гауһар Әлімбекованың"алаяқтық" бабымен айыпты деп танылып, 6 жылға бас бостандағынан айырылғаны белгілі болды. Ал арада бірнеше күн өткенде әнші қолхатпен бостандыққа шығарылды. Өнер иесіне қатысты сот отырысы осы уақытқа дейін бірнеше рет өткізілген.

Ал кейінірек әншінің кінәсі дәлелденбей, ол сот залынан ақталып шықты. Арада бірнеше ай өткенде Бақыт Назарова мен Гауһар Әлімбекова ел алдында татуласты.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін әнші сахнадан неге көрінбей кеткенін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2007469-gauhar-alimbekova-basyna-is-tuskende-zaqyn-qurbylary-zanynan-tabylmaganyn-asyq-aitty/

pixel