jitsu gif branding logo appbranding logo app

    "Құдай бізге қасиет берген": Қырыққа жақындаған Нұржан Қалжан жас көрінуінің сырын айтты

    Нұржан Қалжан
    Нұржан Қалжан. Фото: instagram.com/nurzhan_halzhan

    Танымал әнші Нұржан Қалжан Ұлттық арнадағы "Таңшолпан" бағдарламасында қонақ болды. Бағдарлама барысынша өнер жұлдызы өзінің жас көрінуінің себебін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Тележүргізушілер әншінің жас көрінетінін алға тартып, өзіне сырттай қанша жас беретінін сұраған.

    "Егер өзімді танымайтын, сырт адам ретінде баға берер болсам, шамамен 27 жаста деп ойлаушы едім", - дейді әнші.

    "Бұлбұл құсым" әнімен танылған Нұржан бүгінде 37 жасқа аяқ басқан.

    "Жақында сыныптастарымызбен жиналып, бас қостық. Сол кездесуде де барлығы менің жас көрінетінімді алға тартып жатыр. Сыныптас қыздар: "Өзіңді холодильникте сақтағансың ба?", деп қалжыңдап үлгерді. Рас, көпшілік менің жас көрінетінімді айтады. Мұның себебі генетикада шығар. Ал жалпы, құдай өнер адамдарына бір ерекше қасиет беріп қояды деп есептеймін. Сахнада жарқырап жүруіміздің де себебі осы", - деді әнші.

    Еске сала кетейік, бұған дейін Нұржан Қалжан өзінің продюсері Қыдырәлі Болмановтан неліктен кетіп қалғанын айтқан еді.

    "Құдай бізге қасиет берген": Қырыққа жақындаған Нұржан Қалжан жас көрінуінің сырын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.