Белгілі композитор Алтынбек Қоразбаев 75 жасқа толды
Жарияланған күні:
Қазақстанның халық әртісі, композитор, әнші Алтынбек Қоразбаев 75 жасқа толды. Өнерден өз орнын тапқан композитор өткенге өкініші жоқ екенін "Алматы" арнасына берген сұхбатында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Баяғыда біреулер "Немене сонша мұңлы ән жазасың?" деп тиісті ғой маған. "Қара кемпір, қара шал, қара бала деп жылайсың" деген әңгіме болған.
Сонда Хамит Ерғалиев атамыз "Айналайын халқым, Қоразбаевқа рахмет! Қазақтың "Елім-ай" деген мұңды әнінен кейінгі орында Алтынбектің "Қара кемпір" толғауы тұр" деп айтқан болатын. Сол кісі айтпақшы, мен енді өкінбеймін. Елім аман, жұртым аман", - деді композитор Алтынбек Қоразбаев.
Айта кетейік, Алтынбек Қоразбаевтың "Айхай-25", "Үшқоңыр", "Қоштасудың қиыны-ай", "Сырғалым", "Сағындым Алматымды" секілді туындылары әлі күнге тыңдарманы арасында танымалдылыққа ие.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2008006-belgili-kompozitor-altynbek-qorazbaev-75-zasqa-toldy/