jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    Белгілі композитор Алтынбек Қоразбаев 75 жасқа толды

    Алтынбек Қоразбаев
    Алтынбек Қоразбаев. Фото: Композитордың жеке мұрағатынан

    Қазақстанның халық әртісі, композитор, әнші Алтынбек Қоразбаев 75 жасқа толды. Өнерден өз орнын тапқан композитор өткенге өкініші жоқ екенін "Алматы" арнасына берген сұхбатында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Баяғыда біреулер "Немене сонша мұңлы ән жазасың?" деп тиісті ғой маған. "Қара кемпір, қара шал, қара бала деп жылайсың" деген әңгіме  болған.

    Сонда Хамит Ерғалиев атамыз "Айналайын халқым, Қоразбаевқа рахмет! Қазақтың "Елім-ай" деген мұңды әнінен кейінгі орында Алтынбектің "Қара кемпір" толғауы тұр" деп айтқан болатын. Сол кісі айтпақшы, мен енді өкінбеймін. Елім аман, жұртым аман", - деді композитор Алтынбек Қоразбаев.

    Айта кетейік, Алтынбек Қоразбаевтың "Айхай-25", "Үшқоңыр", "Қоштасудың қиыны-ай", "Сырғалым", "Сағындым Алматымды" секілді туындылары әлі күнге тыңдарманы арасында танымалдылыққа ие.

    Белгілі композитор Алтынбек Қоразбаев 75 жасқа толды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.