Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Гүлзира Айдарбекова: Менің отбасымды түгендеп қайтесіздер (видео)

Опубликовано:

Заңғар Нұртас әйелі және анасымен
Заңғар Нұртас әйелі және анасымен. Фото: instagram/gulziraaidarbekova

Продюсер Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желіде оқырмандарымен байланысқа шығып, келіндері жайлы айтты. Қайрат Нұртастың анасы Instagram парақшасында отбасын түгендеуді доғаруды сұрады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Менің отбасымды түгендеп қайтесіздер? Қазір сіздерге әңгіме айтып отырмын. Әңгіме сіз бен біздің арамызда. Мен үйімдегі жағдайдың бәрін сіздерге ашып (айтып - ред.) отыруға міндетті емеспін. Дұрыс қой?!

Келіндердің өз парақшасы бар, хабарлассаңыз болады. Келіндердің бәрі аман-есен, сау", - деді Гүлзира Айдарбекова тікелей эфир уақытында.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын әлеуметтік желі қолданушылары жаңадан шаңырақ көтерген Заңғар Нұртас пен Жібек Қайратқызын ажырасып кетті деп болжаған болатын. Олар Instagram-дағы парақшасынан бірге түскен суреттерін өшіріп тастаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2008745-gulzira-aidarbekova-menin-otbasymdy-tugendep-qaitesizder-video/

pixel