"Айына 4-5 млн теңге": Анар Батырхан қанша табыс табатынын айтты (видео)
Жарияланған күні:
Актриса Анар Батырхан "Менің өмірім" бағдарламасында болашақ жұбайының табысы өзінікінен көп болуы керектігін айтты. Өнер иесі ай сайын 4-5 млн теңге табыс табатынын да жасырмай баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Менің болашақ күйеуім менен көбірек ақша табуы керек. Үйге келгенде, менің ақшам одан көп болса, мен өзімді "нағыз еркектің жанындамын" деп санай алмаймын. Ол бір ұрысқа әкеліп соғатын сияқты. Күйеуім "Маған ақша бере тұршы" десе, жоқ! Неге? Ол - еркек қой! Менің ойымша, қол-аяғың сау болса, кез келген жұмысты алып кетесің. Пысық жігіт болуы керек", - деді Анар Батырхан.
Сонымен қатар актриса өзінің ай сайын алатын табысының қанша екенін де атап өтті.
"Телеарнада жұмыс істеймін. Бірақ ол жақтың айлығын санамай-ақ қояйын. Мен ол айлыққа қарамаймын. Ол менің бояуыма, киіміме жұмсалады. 4-5 млндай табамын. Осы бағдарламадан кейін маған келетін адам өзіне сенімді болады.", - деді Анар Батырхан.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін актриса ауыл жігітіне тұрмысқа шықпайтынын айтқан болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2009125-aiyna-4-5-mln-anar-batyrxan-qansa-tabys-tabatynyn-aitty-video/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.