Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бізге ешкім түсіндірген жоқ": Жұлдыз Әбдукәрімова күйеуінен мәһрге не сұрағанын айтты

Опубликовано:

Жұлдыз Әбдукәрімова фотосессияда
Жұлдыз Әбдукәрімова. Фото: instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Қазақ эстрадасының жұлдызы Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдукәрімова неке қиған соң, мәһрге не сұрағанын айтты. Бұл туралы "Оян" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Актриса әрі тележүргізуші Жұлдыз Әбдукәрімова алғашында мәһрдің не екенін білмегенін айтады.

"Бұл 16 жыл бұрын еді. Мен 19-дамын. Бізге дұрыс түсіндірген жоқ. Білмеймін. Мәһрді қалай сұрау керек? Не себепті сұрау керек? Бұл туралы ашып ешкім айтпады. Мен, тіпті, ұялып отырдым. "Керек емес", - деп қоямын. Сол кезде қасымда отырған тәжірибелі куәгер келіншек міндетті түрде сұрау керектігін айтты. "Не сұрарыңды білмесең, алқа сұра", - деді. Содан алтын алқа сұрадым. Алтын алқа гауһар тастармен безендірілсе деген тілегім болды. Тапсырыс бердім. Екі-үш жыл ішінде алып берді", - деді Жұлдыз Әбдукәрімова.

Айта кетелік, бұған дейін әнші Жазира Байырбекова мәһрге не сұрағанын айтқан болатын.

Ал имам Нұрлан Байжігітұлы мәһр сұрағанда әйелдерді ерінің жағдайына қарауға шақырды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2009212-bizge-eskim-tusindirgen-zoq-zuldyz-abdukarimova-kuieuinen-mahrge-ne-suraganyn-aitty/

pixel