Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назгүл Қарабалина: Өмірдегі негізгі қағидам - Азаматқа кедергі келтірмеу (видео)

Жарияланған күні:

Назгүл Қарабалина, Азамат Сатыбалды
Назгүл Қарабалина, Азамат Сатыбалды. Фото: instagram.com/azamatc

Актриса Назгүл Қарабалина неліктен өнер академиясында ұстаздық етпейтінін түсіндірді. Продюсер мұндай ойы болғанын, алайда өнер академиясына ректор болған жұбайы Азамат Сатыбалдыға кедергі келтірмеу үшін бұл ойынан әзірге бас тартқанын RITM бағдарламасында айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Маған бұл тұрғыда көп сұрақтар келеді. "Сабақ берсеңіз" деп сұрайтын адамдар да бар. Ойымда болды. "Сабақ берсем, міне, міне" деп жүргенде, Азамат академияға ректор болды. Ал менің өмірдегі негізгі қағидам - Азаматқа кедергі келтірмеу. Мен үшін қашан да ең бірінші Азамат тұрады. Сондықтан Азаматқа ешқашан кедергі келтіргім келмейді.

Ертең академияға барып сабақ берсем, оның қалай қабылданатынын мен білмеймін. Менің жиырма жылдан астам қызмет етіп келе жатқаным, менің атағым, тәжірибем бар екені ұмытылып кетеді. "Азамат әйелін жұмысқа алыпты" деген әңгіме туындайды. Яғни, "Мен Азаматқа кедергі келтіремін" деп есептеймін. Сол себептен де мен ойымды тығып қойдым. Бір күндері Азамат басқа қызметке ауысып жатса, мен "академияға барып, сабақ берсем" деп ойлаймын. Ол да уақыттың еншісіндегі дүние", - деді Назгүл Қарабалина.

Естеріңізге сала кетейік, күні кеше Назгүл Қарабалина Жахан Отарғалиевтің фильмін кино деп есептемейтінін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2009454-nazgul-qarabalina-omirdegi-negizgi-qagidam-azamatqa-kedergi-keltirmeu-video/