Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнші Qanay: Біз тойға шығып, физикалық тұрғыдан шаршадық

Опубликовано:

Qanay
Qanay. Фото: Асхат Садырбайдың бағдарламасы

Көпшілікке Qanay лақап атымен танылған Нұрболат Қанай Алматы қаласынан бір бөлмелі пәтер сатып алғанын айтты. Әнші Асхат Садырбайдың бағдарламасында сұхбат беріп, табысы жайлы ақпаратты бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Табыс тапқаныма бір жыл болды. Енді-енді көріп жатырмын. Алматыдан бір бөлмелі пәтер алдым. Бізде той бизнес және шоу-бизнес дейтін бар. Той бизнес біздің қазақтың салт-дәстүрі. Ал бізде шоу-бизнес жоқ, ақсап тұр. Бізде шоу-бизнес қатты дамитын болса, менде кемі коттедж үй мен төрт Lamborghini болатын еді.

Біз той бизнеске шығып, физикалық тұрғыдан шаршадық. Ал тойға шыға берсең, шабытың өліп қалады. Шығармашылық адам болғасын түсінігім осылай. Тек тоймен өмір сүретіндер бар. Мен тойға арналған әндер жаза бергім келмейді. Мен Америкаға, шетелге өтетін ән жазғым келеді", - деді әнші Qanay.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2009646-ansi-qanay-biz-toiga-sygyp-fizikalyq-turgydan-sarsadyq/

pixel