Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мисс Қазақстан-2022" атағынан айырылған Диана Тәшімбаева өз шындығын айтты (видео)

Опубликовано:

Диана Тәшімбетова
Диана Тәшімбетова. Фото: instagram.com/diana.tashii

Ұлттық сұлулық байқауының ұйымдастыру комитеті "Мисс Қазақстан-2022" атағының жеңімпазы Диана Тәшімбетованың атағынан айырылғанын мәлім еткен болатын. Бұл ретте Диана Тәшімбаева "Астарлы ақиқат" бағдарламасына келіп, өз шындығын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Мен бұл атақты жеңіп алғанымда, маған барлық шығынды өзім өтейтінімді ескертпеді. Жеңіске жеткен кез келген ару тыңғылықты дайындық пен ұйымдастырушылардың демеушілігін күтеді. Мен барлық жаңалықты "Ғалам аруы" байқауына тіркелгенде ғана білдім. Менің суретімді бекітіп, ақпаратты ұсынған. Аз уақыт қалып, қаржылай қиындықтар басталған кезде "Барлық шығынды өзі көтеру керек" деп айтты. Мен де, анам да бұндайға дайын болмадық. Біз сұлулық байқауына 10-15 млн теңге жұмсай алатын отбасы емеспіз", - деді Диана Тәшімбетова.

Ал Диананың анасы Қарлығаш Тәшімбетова бұл шудың негізгі мәселесі қаржылай қиындықтан туындағанын айтады.

"Алғашында бәрі жоспар бойынша болды. Диана дефилеге дайындалып, жалпы дайындықты бастап кеткен еді. Кейінірек ұйымдастырушылардың уақыт созып, маңызды жұмыстардың атқарылмай жатқанын байқадық. Қаржыландырудың жоқ екенін түсініп, ұйымдастырушылардан ашығын сұрадым.

"Сіздер 1,5 млн теңгеге бағалаған көйлек, видео, жол шығыны қалай төленеді?" деп сұрадым. Оның барлығы бартер арқылы төленетінін айтқан болатын. Украина, Ресей елдерінде ұйымдастырушылар барлық шығынды өздері көтеруде. Ал қатысушы тек психологиялық дайындық жасап, дене бітімін жақсартып, мәтін оқумен айналысуы керек. Бірақ мұның бірі де болмады. Негізгі мәселе ақшада болды", - деді Диана Тәшімбетованың анасы.

Ал "Қазақстан аруы" байқауының президенті Айдай Исаева мен байқау директоры Катрин Безверхова бастаған ұйым мүшелері журналист сұрағына жауап беріп, мұндай шешімді тек бір адамның қабылдамайтынын айтты.

"Біз ұйымбыз. Келіссөз арқылы шешімді ұйым қабылдайды. Біз біргеміз", - деді Айдай Исаева.

"Диана Тәшімбетова ұлттық байқау атынан байқауға қатыса алмайды. Себебі, ол келісімнің ең бірінші, басты шартын бұзды. Мен оқып берейін: "Байқау мен байқауға қатысушы атағын кемсітетін әрекеттер жасамау" шарты. Диана "Балық пен балықшы" ертегісіндегі "мені ақсүйек етсін" дегендей, оған бәрі аз көрінетін. Келісімшартты бұзып, тікелей эфир өткізіп, шындыққа жанаспайтын ақпарат таратқандықтан, жұмыс тоқтады. Оның айтуынша, "Біз оны мәжбүрлеппіз". Өз басым тікелей эфирді көрмедім. Мен тек естідім. Маған қызық емес. Өз құлағыммен естіген бір-екі жалған сөзім де жеткілікті.

Бұл тек мен үшін емес, біздің командамыз бен қатысушылар үшін де жалған ақпарат болды. Қыздар намыстанып кетті. Себебі, олардың атын қоса пайдаланғысы келген. Менің ойымша, Диананыкі ақымақтық болды. Біріншіден, өтірік айтты. Екіншіден, сұлулық тек сыртқы әдемілікпен өлшенбейді. Дауға әуестік ұсқынсыз көрінеді. Осы жағдайда дауға әуестік байқалды. Ал өзге байқауларға қатысу-қатыспауды өзі шешеді", - деді "Қазақстан аруы" байқауының директоры Катрин Безверхова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2009651-miss-qazaqstan-2022-atagynan-aiyrylgan-diana-tasimbaeva-oz-syndygyn-aitty-video/

pixel