Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дәстүрлі әнші Наркенже Серікбаева қызының тұсаукесерін дүркіретіп атап өтті (фото, видео)

Опубликовано:

Наркенже Серікбаева отбасымен
Наркенже Серікбаева отбасымен. Фото: instagram.com/narkenjeserikbaeva

Дәстүрлі әнші Наркенже Серікбаева бір жасқа толған қызының тұсаукесерін жасап, дүркіретіп атап өтті. Әнші тойдың қызықты сәттерін Instagram парақшасында бөлісті, деп жазады, KAZ.NUR.KZ.

"Жақсылығыма қуана білген барша жақсы жандарыма Алла разы болсын", - деп жазды дәстүрлі әнші.

Мейрамханада дүркіреп өткен тойға Гүлзира Айдарбекова жұбайымен, Әбдіжаппар Әлқожа, Әділет Жауғашар, Қуаныш пен Қарлығаш секілді өнер иелері келді.

Ал Наркенже Серікбаева жұбайына ән арнаған.

Сонымен қатар дәстүрлі әншінің Жансая есімді үлкен қызы анасына ән арнады.

Желі қолданушылары да дәстүрлі әншінің отбасылық қуанышына ортақтасып, бақыт тіледі.

"Құтты болсын", "Қадамы оң болсын", "Той құтты болсын! Балапаныңыздың басқан қадамы нық , жолы ақ болсын! Бізге де жұғысты болсын", - деп жазды желі қолданушылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2009840-dasturli-ansi-narkenze-serikbaeva-qyzynyn-tusaukeserin-durkiretip-atap-otti-foto-video/

pixel