Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Актриса Гүлназ Жолановаға сырға салынды (видео)

Опубликовано:

Гүлназ Жоланова
Гүлназ Жоланова. Скриншот: instagram.com/erke_esmahan

Қазақстандық танымал актриса Гүлназ Жоланованың құлағына сырға салынып, сырғалым атанды. Талай жігіттің арманына айналған арудың өміріндегі маңызды оқиға жайлы көпшілікке әнші Ерке Есмахан мәлім етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ерке Есмахан Instagram парақшасында құрбысы Гүлназ Жоланованың неге өзінің құдалығына келмегенін айтқан.

"Кешегі құдалықта "Құрбың Гүлназ Жоланова неге жоқ?" деген сауал бар екен. Екеуіміз жүріп, жүріп, енді бір-бірімізге қабаттасып күйеуге шығып жатырмыз. Кеше Ақтауда Гүлназға сырға салынды. Бір күнде "сырғалым" атандық. Теңін тапқан құрбыма "Бағың ашылсын" деймін", - деп жазды Ерке Есахан.

Кейінірек Гүлназ Жоланова да әлеуметтік желіге сырға салу шарасының билбордын жариялады.

Суреттен "Гүлназ сырға салу" деген жазуды байқауға болады. Актрисаның өзі суретке Ақтау қаласын белгілеп, 18.02 деп жазып қойды.

Естеріңізге сала кетейік, әнші Ерке Есмаханға кеше сырға салынып, құдалығы өткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2010170-aktrisa-gulnaz-zolanovaga-syrga-salyndy-video/

pixel