Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жап-жас, әдемі": Ерке Есмахан көпшілікке ата-енесін көрсетті (фото, видео)

Опубликовано:

Ерке Есмахан анасымен
Ерке Есмахан анасымен.Скриншот: instagram.com/erke_esmahan

Кеше құдалығы өткен Ерке Есмахан көпшілікке ата-енесін көрсетті. Әнші көпшілік арасында тараған қауесетке нүкте қойып, Раимның ата-анасы жайлы айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Еркенің енесі өзімен жасты ма?", "Енді екеуі құрбы болды ма?" деген пікірлерді оқыдым. Иә, дұрыс айтасыздар. Анам жап-жас, әдемі, гүлдей жайнап тұр. Үш ұлдың анасы. Ал мен тұңғыш қызымын. Маған "келін емес, қызым" дейді.

Ене мен келіннің бір-бірін жақсы көре алмауы - қазақ қоғамындағы дерт қой. Ене мен келін өштескеннен қанша отбасы ажырасып, бала тірі жетім қалып жатыр. Қанша тағдыр құрыды? Көп әйелдің жанды жері деп ойлаймын. Сондықтан мен үшін қуаныңыздар. Ал мысқылдайтындарға "іш күйсе, тұз жала" деймін", - деді Ерке Есмахан.

Сонымен қатар әнші Раимның әкесі жайлы да айта кетті.

"Ал әкем тіпті керемет. Раимның бойындағы салмақтылық, имандылық, тәрбие - әкесінен. Жылқы шаруашылығымен айналысады. Жылқы баптайды, оларды суретке, видеоға түсіреді. Жылқыларын қатты жақсы көреді. Кіші ағаммен аттас, сол жағы маған қиын болып жүр. Байқамай айтып қоя беремін.

Маған жетпей жүрген әкелік махабббатты сезіндіріп үлгерді. Маған жай "Ерке" емес, "Еркежан" деп сөйлейді. Рахмет, әкетай", - деді Ерке Есмахан Instagram желісінде.

Ерке Есмаханның ата-енесі
Ерке Есмаханның ата-енесі. Скриншот: instagram.com/erke_esmahan

Естеріңізге сала кетейік, әнші Ерке Есмаханға кеше сырға салынып, құдалығы өткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2010182-men-usin-quanynyzdar-erke-esmaxan-kopsilikke-ata-enesin-korsetti-foto-video/

pixel