Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Пайғамбар да күйеу баласын сыйлаған": Ерке Есмаханның ағасы Раимға жыр арнады

Жарияланған күні:

Ерке Есмахан мен Раим
Ерке Есмахан мен Раим. Фото: instagram.com/erke_esmahan

Отандық әнші Ерке Есмахан осыдан біраз уақыт бұрын өнердегі әріптесі Раиммен мұсылманша неке қидырып, ал күні кеше құдалығы өтті. Ерке Есмаханның ағасы Instagram желісінде күйеу баласына жыр арнады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Махаббат майданында, кейбір жігіт машинамен ұрлаған,

"Махаббат жасқа қарамайды" деп бабалар да жырлаған.

Бұл туралы көршілер де "ырлаған", Қош келдің батыр, "Пайғамбар да күйеу баласын сыйлаған", - деп жазды Бауыржан Есмахан.

Естеріңізге сала кетейік, белгілі әншілер Раим Бақтыгереев пен Ерке Есмахан қаңтар айында мұсылманша неке қидырды.

Ал бірнеше күн бұрын әнші Ерке Есмаханға сырға салынып, құдалығы өткен болатын.

Сонымен қатар Ерке Есмахан көпшілікке ата-енесін көрсетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2010234-paigambar-da-kuieu-balasyn-syilagan-erke-esmaxannyn-agasy-raimga-zyr-arnady/