Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сахнаны ешкімнен қызғанған жоқпын": Уәлибек Әбдірайымов талантты жандарды қалай тапқанын айтты

Жарияланған күні:

Уәлибек Әбдірайымов сұхбат беруде
Уәлибек Әбдірайымов. Фото: "Хабар" арнасы

"Шаншар" театрының негізін қалаушы Уәлибек Әбдірайымов "Хабар" арнасындағы "Оян" бағдарламасында қонақ болып, өзі арқылы көрерменге жол тартқан талантты жандарды қалай кезіктіргенін айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Заттыбек Көпбосынұлы басында терме айтып жүрді. Менде жұмыс істеді. Кейін әртістер көбейіп кеткен соң, біз айлық төлей алмай, басқа жақта жүрді. Кейін "Ақмаржан" деген ән шығарыпты. "Балаңыз осындай ән шығарыпты", - деп бәрі алып келді. Бірақ кейін қайтадан "Шаншарға" алмадық. Өзің ән шығарып, осы жолмен кете бер дедік.

Аманғали Сыпабековпен Таразда таныстым. Сол кезде ол өнер колледжінде оқитын студент еді. Мейрамбек, Алтынбек Қоразбаевтарға пародия жасап келді. "Оны Олжас та салып жүр, одан да табиғатты, құстарды сал", дедім.

Нұржан Төлендиевтің ағасы бізде "Шаншар" театрын ашты. Ол оқушы кезінен біздің қойылымдарды қойып жүретін. Одан кейін Райымбек Сейтметовте білім алды. Студент кезінде де ол барлық қойылымдарды қайта орындап, бәрін күлдіріп жүрді.

Мені көпшілік Заттыбекті шығарды деп айтып жүр. Негізі, мен оларды кішкентайынан баулып, бірдеңе үйреткен емеспін. Оның ішінде талант тұр. Тек қана соған себепкер болдым. Мен сахна қызғанған жоқпын. Өнердегі ең жаман нәрсе - қызғаншақтық. Бұл болмайды. Егер сахна қызғансаң, бұл сенің өнерге деген қызметің емес. Біз өнерге қызмет етіп жатырмыз ба? Неге онда басқа өнерпаздарды қызғанамыз? Мықты ма, қуанып шығар. Қарап отырсаңыздар, мен Нұржанмен ойнағанда оған пас беріп отырамын. Оны басты рөлге шығарамын. Бұл - әріптестік, өнерді қызғанбау", - деді Әбдірайымов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2010307-saxnany-eskimnen-qyzgangan-zoqpyn-ualibek-abdiraiymov-talantty-zandardy-qalai-tapqanyn-aitty/