Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бір көргеннен ғашық болдым": Отандық әншілер Ғани мен Бота қалай үйленгенін айтып берді

Опубликовано:

Ғани мен Бота әншілер
Ғани мен Бота. Фото: instagram.com/bota_beisenova_

Өнер әлеміндегі жұлдызды жұптың бірі Ғани Жүнісов пен Бота Бейсенова алғаш рет қалай танысқанын айтып берді. "Менің өмірім" бағдарламасында жұбайлар отау құрған сәтін еске алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жұлдызды жұптың айтуынша, Бота Бейсенованың бес ағасы бар. Әнші Ғани Жүнісов жұбайын қалай алып қашқанын баяндап берді.

"Бір көргеннен ғашық болдым. Төрт жыл артынан жүгіріп, қолыма түсірген құсым. Ботаны алып қашатын күні жүрегім дауаламаса да, үйіне барып, есігін қақтым. Бес бауыры барын білемін ғой. Есігін анасы ашты. "Сәлеметсіз бе? Мен Ботадан дәптер алайын деп едім" дедім. Ботаны көндіріп, "Үйдегілерге айтып қойдым. Сені алып барамын" дедім. Бәріміз институтты бітіргелі жатырмыз. Алдымызда мемлекеттік емтихан. Достарымыздың бәрі "Сендерді үйлендіріп барып кетейік" деп жүрді.

Жолға шығатын кезде "Келін алып келе жатырмын" деп хабарластым. Ботаның анасы қуып келді. Біз ол кісіден қашып жүрміз. "Күйеу бала мен қызды көрейін" депті. Біз кірген бетте "Алыпсың ғой дәптеріңді" деп айтты", - деді Ғани Жүнісов.

Ал Бота Бейсенованың айтуынша, ол отбасы құруға дайын болмаған.

"Мен күйеуге шығуға дайын емес едім. Бірақ сөйлесіп жүргенбіз. Дәл сол күні кете қаламын деп ойламадым. Алдымызда мемлекеттік емтихан, Түркия президентінің алдында ән айтуым керек еді. Шықсам, бір газель, 16 студент досымыз жиналып алған. Бір қарасам, бәріміз ауылға қарай кетіп бара жатырмыз.

Содан анам қуып келді. "Мен сені алып кетуге келдім" деді маған. Мен "Қаламын" дедім. Содан бері 27 жыл өтіпті, біргеміз", - деді Бота Бейсенова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2010367-bir-korgennen-gasyq-boldym-otandyq-ansiler-gani-men-bota-qalai-uilengenin-aityp-berdi/

pixel