Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Грэмми күтеміз": Димаш Құдайберген атақты композитормен кездесті

Опубликовано:

Димаш Құдайберген
Димаш Құдайберген. Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash

Димаш Құдайберген танымал композитор, Грэмми сыйлығын она алты мәрте иеленген Дэвид Фостермен кездесті. Әнші танымал тұлғалармен кездескен сәтін Instagram желісінде бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Димаш танымал композиторлер Дэвид Фостер мен Вальтер Афанасьевпен естелік суретке түскен.

"Маэстро, шақырғаныңыз үшін рахмет. Түскі ас ішіп, музыка, өмір және бірлескен жобаларымыз туралы әңгімелестік. Фото "Аңызға айналған екі композитордың ортасында" деп аталады", - деп жазды Димаш суреттің астына.

Димаштың жанкүйерлері әншінің суретіне пікір қалдырып, сәттілік тіледі.

"Керемет жаңалық, Димаш! Енді әлемдік хит пен Грэмми, тіпті Оскар күтеміз", "Димаш, сен үшін өте қуаныштымын", "Сіз ғажайып әнші ғана емес, тамаша композиторсыз", " Қандай керемет тұлғалар, қандай әлемдік таланттар", "Нәтижесі көп күттірмейді деп сенемін. Сәттілік, шығармашылық табыс", - деп жазды желі қолданушылары.

Дэвид Фостер - Уитни Хьюстон, Селин Дион, Мадонна және Тони Брекстон сияқты поп жұлдыздармен жұмыс істеген 16 Грэмми сыйлығын алған канадалық әнші-композитор және продюсер.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Димаш Құдайбергеннің АҚШ-тың ең танымал композиторы Уолтер Афанасьевпен кездескенін хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2010566-gremmi-kutemiz-dimas-qudaibergen-ataqty-kompozitormen-kezdesti/

pixel