Заңғар Нұртас жеңгесі жайлы: Соған шыдаған жеңгеме рахмет (видео)
Жарияланған күні:
Шоу-бизнес әлемінде көпшілікке танымал Айдарбековтер отбасының кенже баласы Заңғар Нұртас жеңгесі Жұлдыз Әбдікәрімова жайлы айтты. Taboo бағдарламасына келген Қайрат Нұртастың іні жеңгесінің он жыл бойы үйде отыруын ерлік санайтынын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Қарым-қатынасымыз өте жақсы. Жеңгем екеуіміз әзілдесеміз. Мен еркелеймін, ол еркелейді, бір-бірімізге жарасып жүреміз. Кездескен кезде сырласамыз, ақылдасамыз. "Ерке бала" деп атайды. Екі жеңгем де өте керемет адамдар, біз жақсы қарым-қатынастамыз", - деді Заңғар Нұртас.
Сонымен қатар Заңғар жеңгесі Жұлдыздың он жыл бойы үйде отыруы ерлік деп есептейтінін де жасырмады.
"Төрт баланы өмірге әкеліп, үйдің берекесін келтіруі үлкен ерлік. Соған шыдаған жеңгеме рахмет", - деді Заңғар Нұртас.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2010695-zangar-nurtas-zengesi-zaily-sogan-sydagan-zengeme-raxmet-video/