jitsu gif
Шоубиз

    Заңғар Нұртас жеңгесі жайлы: Соған шыдаған жеңгеме рахмет (видео)

    Жұлдыз Әбдікәрімова, Заңғар Нұртас бұрынғы жарымен
    Жұлдыз Әбдікәрімова, Заңғар Нұртас жарымен. Фото: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

    Шоу-бизнес әлемінде көпшілікке танымал Айдарбековтер отбасының кенже баласы Заңғар Нұртас жеңгесі Жұлдыз Әбдікәрімова жайлы айтты. Taboo бағдарламасына келген Қайрат Нұртастың іні жеңгесінің он жыл бойы үйде отыруын ерлік санайтынын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Қарым-қатынасымыз өте жақсы. Жеңгем екеуіміз әзілдесеміз. Мен еркелеймін, ол еркелейді, бір-бірімізге жарасып жүреміз. Кездескен кезде сырласамыз, ақылдасамыз. "Ерке бала" деп атайды. Екі жеңгем де өте керемет адамдар, біз жақсы қарым-қатынастамыз", - деді Заңғар Нұртас.

    Сонымен қатар Заңғар жеңгесі Жұлдыздың он жыл бойы үйде отыруы ерлік деп есептейтінін де жасырмады.

    "Төрт баланы өмірге әкеліп, үйдің берекесін келтіруі үлкен ерлік. Соған шыдаған жеңгеме рахмет", - деді Заңғар Нұртас.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.