"Шын бақыт тіледім": Гүлзира Айдарбекова жаңадан отау құрған Ерке Есмахан мен Раимды құттықтады
Жарияланған күні:
Отандық продюсер Гүлзира Айдарбекова жақында шаңырақ көтерген Ерке Есмахан мен Раимды құттықтап, бақыт тіледі. Қайрат Нұртастың анасы жас жұбайларға арнаған тілегін Instagram парақшасында жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Ерке Есмахан, Раим Алла бақ берсін!
Қарағым қадамың жаңа өмірге Ақ болсын, басқан мына.
Өтіңдер жұптасып және бірге, Бақ қонсын бастарыңа!
Аналық жүрегіммен, көз алмай гүл өңіңнен,
Бақытты бол деп, бақытты бол деп, шын бақыт тіледім мен", - деп жазды Гүлзира Айдарбекова.
Естеріңізге сала кетейік, белгілі әншілер Раим Бақтыгереев пен Ерке Есмахан қаңтар айында мұсылманша неке қидырды.
Ал бірнеше күн бұрын әнші Ерке Есмаханға сырға салынып, құдалығы өткен болатын.
Сонымен қатар Ерке Есмахан көпшілікке ата-енесін көрсетті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2010702-syn-baqyt-tiledim-gulzira-aidarbekova-erke-esmaxan-men-raimdy-quttyqtady/