Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СІМ қазақстандық музыкант Darkhan Juzz-дың неден көз жұмғанын айтты

Опубликовано:

Дархан Жүнісбеков
Дархан Жүнісбеков. Фото: Іnstagram.com/d.juzz

СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Таиланд полициясының мәліметіне сүйеніп, қазақстандық музыкант Дархан Жүнісбековтің Таиландта жол-көлік оқиғасы кезінде қаза тапқанын растады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Таиланд полициясының мәліметінше, 24 ақпанда Пхукет аралында Қазақстан азаматы Дархан Жүнісбеков қайтыс болды. Біздің азаматтың өліміне жол-көлік оқиғасы себеп болған, ол жалға алынған мопедпен жүрген", – деп хабарлады Сыртқы істер министрлігі.

Консул марқұмның туыстарымен байланыста екендігі айтылды. Қазір марқұмның денесін Қазақстанға жіберу үшін қажетті құжаттарды ресімдеу жұмыстары жүргізілуде.

Еске салсақ, бұған дейін Darkhan Juzz лақап атымен танымал болған қазақстандық музыкант Дархан Жүнісбековтің 31 жасында өмірден өткені хабарланған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2010797-sim-qazaqstandyq-muzykant-darkhan-juzz-dyn-neden-koz-zumganyn-aitty/

pixel