jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    "Жасауымды кредитке алып, өзім төледім": Ләйлә Сұлтанқызы студент кезінен несие алғанын мойындады

    Ләйлә Сұлтанқызы
    Ләйлә Сұлтанқызы. Фото: instagram.com/sultankyzy/

    Белгілі тележүргізуші, көптеген тележобаның авторы Ләйлә Сұлтанқызы студент кезінен бастап кредит алғанын жасырған жоқ. Бұл туралы ол Ұлттық арнадағы "Таңшолпан" бағдарламасына берген сұхбатында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Студент кезімізден бастап кредит алдық. Ол кез есіңде ме, білмеймін... Тауарлар алатынбыз үйге. Мысалы, өзімнің жасауымды солай дайындағам. Артымнан баратын кір жуғыш машина, тоңазытқышты кредитке алып, бір жыл көлемінде жаптым. Сол кездері жалақы кішкентай болатын да, айына 15 мың теңге төлейтінмін. Соның өзіне қиналатынмын", - дейді тележүргізуші.

    Медижұлдыз көп жағдайда несиені тауар үшін алатынын айтқан.

    "Күйеуім іскер азамат болған кездері өте көп кредит тауқыметін көрдім. Себебі бизнесте, үлкен ақша жүрген жерде кредитсіз болмайды", - дейді Ләйлә Сұлтанқызы.

    Айта кетелік, бұған дейін танымал тележүргізуші күйеуінің жылын күтпей, жұмысқа шыққанын сынаған оқырманына жауап берді.

    "Жасауымды кредитке алып, өзім төледім": Ләйлә Сұлтанқызы студент кезінен несие алғанын мойындады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.