Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бірге дүкен аралаған Say Mo мен Ганвест көзге түсті (видео)

Опубликовано:

Say Mo мен Ганвест бірге көзге түсті
Say Mo мен Ганвест. Скриншот: Youtube/ShowBusinessKazakhstan

Көпшілікке Say Mo лақап атымен танымал рэп орындаушысы Мөлдір Есембек рэп орындаушы Ганвестпен (ред. - шын есімі - Руслан Гоминов) көзге түсті. Олардың бірге жүрген видеосы TikTok желісінде таралды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видеодан қос рэпердің Алматыдағы сауда орталықтарының бірінде бірге жүрген сәтін байқауға болады.

Айта кететіні, олар көпшілік көзінен жасырынуға тырыспаған.

Естеріңізге сала кетейік, Мөлдір Есембек - отандық актер Шәріп Серіктің бұрынғы жұбайы. Олар бірнеше жыл бірге тұрып, отбасы құрғаннан кейін ажырасып кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2011117-say-mo-men-ganvest-birge-kozge-tusti-video/