jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Актер Ерік Хамидуллаев отандық танымал актрисаға үйленді (фото, видео)

    Ерік Хамидуллаев, Ақниет Беласарова үйленді
    Ерік Хамидуллаев, Ақниет Беласарова. Фото: instagram.com/khami93

    Отандық актер Ерік Хамидуллаев 2022 жылдың желтоқсанында сүйіктісі актриса Ақниет Беласароваға үйленуге ұсыныс жасаған болатын. Ал күні кеше Ақниеттің ұзату тойы өтіп, күйеу жігіт қалыңдығын келін ғып түсірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Ұзату тойынан видеоүзінділерді актриса Ақниет Беласарова мен актер Ерік Хамидуллаев Instagram парақшасында бөлісті.

    Сонымен қатар актрисаның ұзату тойында Альбина Шардарова ән шырқап, қалыңдықты ұзатып салды.

    Желі қолданушылары жаңа жұлдызды жұптың пайда болғанына қуанғанын жасырмады.

    "Бақыт тілеймін", "Қуаныштымын", "Керемет жұп", "Жарасымды жұп", "Шаңырақтарыңыз шаттыққа толсын", - деп жазды желі қолданушылары.

    Естеріңізге сала кетейік, былтырғы жылы актер Ерік Хамидуллаев сүйіктісіне ұсыныс жасағанын айтқан болатын. Ал Ақниет Беласарованың саусағына жүзік тағып, сері жігітің ұсынысына келіскенін мәлім етті.

    Актер Ерік Хамидуллаев отандық танымал актрисаға үйленді (фото, видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.