"Ақ кемпірім дейді": Ерке Есмахан күйеуі өзін қалай еркелетінін айтты (видео)
Жарияланған күні:
Жақында құдалығы өтіп, әнші Раимға тұрмысқа шыққан Ерке Есмахан күйеуі қалай еркелететінін айтты. Әнші отбасылық құпиясын Instagram парақшасында бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Ерке Есмахан әлеуметтік желіде оқырман сауалына жауап берген.
"Еркелетуінің шегі жоқ. Өзгере береді. "Ерке кемпір" деген пікірді оқып қалған. Енді "ақ кемпірім" деп еркелетіп жүр", - деді Ерке Есмахан.
Алайда әншіге желі қолданушыларының бірі "кемпір" деп еркелетуге болмайтынын айтып түсіндірген.
"Кемпір деп айтпау керек екен. Пір деген - күйеуі. Ертеде күйеуі қайтыс болған әйелдерді кемпір деп атаған", - деп жазды Еркенің оқырмандарының бірі.
Осыдан кейін Ерке Есмахан бұл сөздің мағынасын білмегенін жеткізді.
"Осындай хат келіпті. Мағынасын білмеппіз. Кешіріңіздер, маған мысқылдап жазған пікірлерді оқып, күйеуім соларға ерегісіп "ақ кемпірім" деп еркелетіп жүрген. "Енді олай айтпаймын" деп жатыр Райм", - деді Ерке Есмахан.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Ерке Есмахан көпшілікке ата-енесін көрсеткен болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2011828-erke-esmaxan-ozin-kuieuinin-qalai-erkeletetinin-aitty-video/