Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Меломен" тобының жігіттері мен Жігер Ауыпбаев топтың бөлінуі туралы бар шындықты айтты (видео)

Опубликовано:

"Меломен" тобы мен Жігер Ауыпбаев
"Меломен" тобы мен Жігер Ауыпбаев. Скриншот: "Көреміз" бағдарламасы

2007 жылы құрылған "Меломен" тобынан арада он жыл өткенде Жігер Ауыпбаев бөлек шыққаны ел есінде. Кейін "Меломен" тобы трио болып ән айтып, ал Ауыпбаев жеке шығармашылығын дамытуға көшкен болатын. Арада бірнеше жыл өткенде "Меломен" тобы мен Жігер Ауыпбаев "Көреміз" бағдарламасына келіп, өзара қандай түсініспеушіліктер болғаны жөнінде бар шындықты айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Топ мүшесі Қайрат Мырзахановтің айтуынша, олар "Меломеннен" біреу кетеді деп ойламаған.

"Бізде ешқашан "арамыздан біреу кетеді" деген ой болған жоқ. Ролан (Қазретов - ред.) мен Ғабит (Әбілдаев - ред.) ерегісіп қалып, сол жерде арада түсініспеушілік болады. Мен соны көріп қалдым. Топ болғаннан кейін, жігіттер болғасын ондай жағдай бәрінде болады (...).

"Қойыңдар, сендер төбелеспеңдер" деп Жігердің үйіне бардық. Менің де, Жігердің де мінезі бар, артық сөйлеп қояды. "Жігер сен, қой. Олар да топтың тұлғасы. Олар да бір азамат, оларға қарсы шықпа, күшіңді көрсетпе" деген нәрсе айтылды. Екеуіміз екі жақтан біраз жыл бойы іште жиналған нәрсемізді айттық.

Сол кезде Жігер "Жігіттер, мен сендерді түсіндім. Сендер маған ренжулі екенсіңдер. Мені топқа сыйдырмай жатыр екенсіңдер. Мен онда артықпын" дейді. Сөйтіп, ұрысып қалдық, төбелес болған жоқ.

Жігер кеткен кезде біз бір ауыз сөйлемедік. Біз айтпаймыз, мұсылманбыз, бауырмыз. Жігердің өзі қалай кеткенін айтып жүрді. Жамандаған жері де болды. Дұрыс қой, ішіндегі мұңы шығар. Біз мұны да дұрыс түсінуге тырыстық", - деді Қайрат Мырзаханов.

Ал Жігер Ауыпбаев та бағдарлама барысында өз шындығын айтты.

"Жалпы, менің түсінігімде өнер адамы үнемі даму үстінде болуы керек. Бұл жерде енді алғашпы продюсеріміздің жеке ән жазуға рұқсат бергені қателік болған секілді. Себебі, топта жүргенде "Ей, жаным", "Хат жазып тұр" деген секілді әндерім шығып жүрді. Ақиқат айтылмай отыр. Нағыз ақиқат ашылатын болса, бұл жерде үлкен адамдар отыруы керек болады.

Менің топтан кету туралы шешім қабылдаған кезім, Қызылордадағы гастрольдік сапарымыз ұйымдастырылған кез. Сол сапардан келе жатқанда мен Қайратпен келіспей қалдым. Бұл шешім сол кезде қабылданған болатын. Мен Роланға "Жиналайық, арамызды емдейік. Мына мәселе болмайды" деп қаншама рет айттым. Ролан "Еш пайда жоқ" деді. Сосын мен "Онда менен де пайда жоқ" деп, сол кезде ғана шешім қабылдадым.

Мен ортақ чатқа "Жігіттер, тойдың адресін жіберіңдер" деп жазамын. Өзім сыныптасыма хабарласып "Көлігім сынып қалды. Мені тойханаға жеткізіп тасташы" деп хабарластым. Ол да тойға асығып бара жатқанын айтты. Мен бірнеше рет жазамын, жауап болмады. Көлік жоқ, ештеңе жоқ. Менің сол кездегі кемшілігім амандаспағаным шығар. "Ролан, чатқа жауап берсейші" дегенде, Ролан "Сен неге маған осылай, осылай" деген әңгіме айтылды. Сосын "Бұл топты не бар, не жоқ қылайық" деп чатта айтылды. "Не бар, не жоқ қылатын болсаңдар, тойдан бас тартыңдар" дедім. Қайраттың көлігімен үшеуі үй жаққа келді. Сөйтіп, сол жерде отырып шешілді", - деді Жігер Ауыпбаев.

Естеріңізге сала кетейік, Жігер Ауыпбаев көпшілікке "Меломен" тобында жүргенде танылды. Бірақ өнер иесі топтан кетіп, көпшілікке жеке әнші, актер ретінде таныла бастады. Жақында "Меломен" тобының жігіттері Жігер Ауыпбаевтың топқа қайта келуге өтініш білдіргенін айтты.

Ал әнші Жігер Ауыпбаев осы мәлімдемеге қатысты жауап беріп, өз нұсқасын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2011866-melomen-tobynyn-zigitteri-men-ziger-auypbaev-toptyn-bolinui-turaly-bar-syndyqty-aitty-video/

pixel