Актер Ерік Хамидуллаев пен отандық актрисаның үйлену тойы дүркіреп өтті (фото, видео)
Жарияланған күні:
Отандық актер Ерік Хамидуллаев 2022 жылдың желтоқсанында сүйіктісі актриса Ақниет Беласароваға үйленуге ұсыныс білдірген болатын. Осыдан бірнеше күн бұрын Ақниеттің ұзату тойы өтіп, жұлдызды жұп дүркіретіп үйлену тойын жасады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Желіде актер жігіттің қалыңдығын келін ғып түсіргені жайлы ақпарат тарап, Ақниет Беласарова ұзату тойын көпшілікке көрсеткен болатын.
Ал бірнеше күн бұрын жұлдызды жұптың үйлену тойы өтті. Тойдың естелік суреті мен видеосын актриса Ақниет Беласарова Instagram парақшасында бөлісті.
Желі қолданушылары Ерік Хамидуллаев пен Ақниет Беласарованың отбасына бақыт тілеп, ақ тілегін жаудырды.
"Бақытты болыңыздар", "Өте жарасымды жұп", "Ата-ана атанып, бір жастықта қартайыңыздар", " Үйіңіз қуаныш пен шаттыққа толсын", - деп жазды желідегілер.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2011868-akter-erik-xamidullaev-pen-otandyq-aktrisanyn-uilenu-toiy-durkirep-otti-foto-video/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.