Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жақын арада қартая қоймаймын": Ақбота Сейтмағамбет өзіне "ақыл" айтқан оқырманына жауап қайтарды

Опубликовано:

Ақбота Сейтмағамбет
Ақбота Сейтмағамбет. Фото: instagram.com/akbotanurabaykyzy

Актриса, әнші Ақбота Сейтмағамбет тұрмысқа шығуға кеңес берген оқырманына жауап қайтарды. Бұл жайлы өнер иесі Instagram парақшасында жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Желі қолданушыларының бірі Ақбота Сейтмағамбетке "Тұрмысқа шықсаңшы. Жастығың өтетін болды ғой", - деп жазған.

Ал актриса оқырманына өзі үшін алаңдамауға кеңес берді.

"Уайымдамашы, жақын арада қартая қоймаймын. Ал енді қалжыңсыз, шын сөзге келейін. Мына өмірде сансыз адам, сансыз тағдыр бар. Кімнің жоғын жоқтап үлгермексің? Менің тағдырыма Алла кіріседі. Құдайдың рөлін алып, шаршамашы", - деп жауап қайтарды.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Ақбота Сейтмағамбет пәтер алғанын айтып, көпшілікке қуанышын бөліскен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2011996-aqbota-seitmagambet-turmysqa-syguga-kenes-bergen-oqyrmanyna-zauap-qaitardy/

pixel