Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Артур Давлетьяров Раим мен Еркенің қарым-қатынасының қашан басталғанын айтты

Опубликовано:

Артур Давлетьяров әнші
Артур Давлетьяров. Фото: Taboo бағдарламасы

Көпшілікке "Раим мен Артур" тобы арқылы танылған Артур Давлетьяров Taboo бағдарламасына келіп, жан сырын ақтарды. Бағдарлама барысында отандық әнші Раим мен Ерке Есмаханның қарым-қатынасының 2018 жылы басталғанын мәлім етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Артур Давлетьяров Раим мен Ерке Есмаханның қатынасын жасыру оңай болмағанын және олардың қашан танысқанын айтты.

"Оған ғана емес, бізге қиын болды. Өсек бекерден-бекер шықпайды ғой. Сұхбат барысында менен сұрайды. Бірақ барынша айтпай, жасыруға тырысатынмын. Раимға қиын болды деп ойламаймын. Себебі, ол өз өмірін онсыз да жария қылатын адам емес.

Олар 2018 жылдың соңында танысты. Бір концертте болдық, бір автобуста отырдық. Бір сурет түсірілді, кеше Ерке шығарды ғой. Мен басқа жақта отырдым. Өмір ғой. Осындай жаңалық шығып жатыр. Өз өмірі, өз таңдауы, бақытты болсын.

Раим- бір жағынан бауырымдай адам, ал Наргиз - жақын досым. Наргизбен достығымызға Раим себеп болды. Сол себепті Раим мен Еркенің қарым-қатынасын Наргизден жасыруға тура келді және қиын болды. Бар шындықты айтсам, екі жақпен де қарым-қатынасым бұзылатын еді. Соның бәрін білесің, бірақ жасыру қиын болды", - деді Артур Давлетьяров.

Сонымен қатар Артур Давлетьяров қызының бір жасқа толған тойына Раимды шақырғанын да жасырмай айтып берді. Алайда Раим Артурдың қызының тұсаукесеріне келмеген.

"Сырға салудың шаруасымен жүрміз" деді. Осымен болды", - деді Артур Давлетьяров.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Ерке Есмахан Раиммен қашан танысқанын айтқан болатын. Жұлдызды жұп биылғы жылдың қаңтарында мұсылманша некесін қидырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2012369-artur-davletyarov-raim-men-erkenin-qarym-qatynasynyn-qasan-bastalganyn-aitty/

pixel