Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кейбір әншілер менсінбейді дейтін": Белгілі ақын Арман Дүйсеновтің өнер жұлдыздарына өкпелеген кезін еске алды

Опубликовано:

Арман Дүйсенов
Арман Дүйсенов. Фото: instagram.com/indiraelemes

Арман Дүйсеновті еске алған ақын Ақберен Елгезек сазгердің басқа әншілерге назданған кездері туралы айтты. Бұл туралы ол "Ел" бағдарламасына берген сұхбатында еске алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Арманның тамаша шлягер әні болды. Соны әйелі мен бала-шағасынан сұрағалы отырмыз. Компьютерінде сақталған шығар. Ешбір әнші алмай қойыпты. "Соңғы кездері әндерім нашарлап кетті ме, білмеймін. Кейбір әншілер менсінбейді", - дейтін.

Солай назын айтқан кездері болды. Өзі бала күнінен ата-анасыз өткен соң ба, адам көңіліне көп қарайтын, ешкімді ренжітпеуге тырысатын. Мен сол кезде: "Ареке, сіз өзіңіз жұлдызсыз. Сіз өзіңіз тұлғасыз. Кім көрінгенге жалпақтай бермесеңізші", - дейтінмін. "Мен ешкімді ренжіткім келмейді, менің әнімді айтса екен", - деп, үнемі кіріптар көңілмен жүретін. Ол бала кезде қалыптасқан комплекс қой. Әйтпесе, ол талант, білім, жүріс-тұрыс жағынан бәрімізден артық еді. Бір сөзбен айтқанда, керемет жігіт болатын", - деді Ақберен Елгезек.

Аталған бағдарлама эфирінде танымал әнші Мұқасан Шахзадаев та марқұм сазгерді еске алып, оның ерекше тұлға екенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2012455-keibir-ansiler-mensinbeidi-deitin-belgili-aqyn-arman-duisenovtin-oner-zuldyzdaryna-okpelegen-kezin-eske-aldy/

pixel