Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Арманды жоқтаймын деп кім ойлаған?": Мұқасан Шахзадаев танымал сазгердің қазасын ауыр қабылдағанын айтты

Опубликовано:

Мұқасан Шахзадаев сахнада ән айтуда
Мұқасан Шахзадаев. Фото: instagram/mukassan_shakhzadayev

Белгілі әнші, "Нұр-Мұқасан" тобының негізін қалаушылардың бірі Мұқасан Шахзадаев қаңтар айында өмірден озған сазгер Арман Дүйсеновке қатысты естелігін айтты, деп жазады "Ел" бағдарламасына сілиеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Арманның талантына бас иген адамдардың бірімін. Мүлдем ерекше адам, мүлдем ерекше жаратылыс болатын. Ондай адам кемде-кем. Сондай талантты еді... Адам ретінде де үлкен адам еді. Әрине, сондай бауырымыздан айырылу өкінішті. Арамыз екі-үш жас болса да, ағалап тұратын. Өмір-бақи ағалап кетті. Үлкенді үлкендей, кішіні кішідей сыйлайтын. Мен Арманды жоқтап әңгіме айтамын деп, ойлаған жоқпын. Сондай азаматтан айырылу өте өкінішті, түсінген адамға үлкен қайғы", - деді Мұқасан Шахзадаев.

Еске сала кетейік, талантты композитор әрі әнші Арман Дүйсенов 48 жасында өмірден өтті.

Композитордың қазасына денсаулығындағы ақау себеп болған.

Ол 2014 жылы маэстро EMA Muzzone нұсқасы бойынша жылдың үздік композиторы атағына ие болды. Тағы бір жылдан кейін "Астана Жұлдызы" нұсқасы бойынша да жылдың үздік композиторы атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2012447-armandy-zoqtaimyn-dep-kim-oilagan-muqasan-saxzadaev-tanymal-sazgerdin-qazasyn-auyr-qabyldaganyn-aitty/

pixel