Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екінші рет үйленген Болат Жолдасовтың қалыңдығы туралы не білеміз

Опубликовано:

Болат Жолдасов жұбайы Алтынай және Айман Нұразханмен
Болат Жолдасов жұбайы Алтынаймен. Фото: instagram/aiman_nurazkhan

Кеше Ұлықпан Жолдасовтың ұлы Болат Жолдасов екінші рет шаңырақ көтеріп, сүйіктісін ұзатып алды. Осы орайда, оның таңдауы түскен қалыңдық туралы аз-кем ақпарат белгілі болды, деп жазады KYN сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Болат Жолдасовтың қалыңдығы Алтынай да музыка әлемінен алшақ емес. Ол кәсіби скрипкашы әрі қобызшы екен.

Ұзату тойы Астана қаласында дүркіреп өтті. Тойға құдаларды Нұрлан Өнербаев бастап барған.

Ал үйлену тойының қашанға жоспарланғаны белгісіз.

Осылайша, музыканттар отбасы тағы бір таланатты арумен толыққан. Еске сала кетейік, Ұлықпан Жолдасов танымал әнші әрі композитор. Оның ұлы Болат гитарада ойнаса, қызы Фарида кішкентайынан сахнада өнер көрсетеді.

8 наурыз күні әншілер отбасы Астанада есеп беру концертін өткізген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2012545-ekinsi-ret-uilengen-bolat-zoldasovtyn-qalyndygy-turaly-ne-bilemiz/

pixel