Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Не үшін, жаным?": Раим концерті кезінде көпшіліктің алдында Ерке Есмаханға сезімін білдірді (видео)

Опубликовано:

Ерке Есмахан мен Раим
Ерке Есмахан мен Раим. Фото: instagram.com/raimkzt

Отандық әнші Райымбек Бақтыгереев жақында отау құрған жұбайы Ерке Есмаханға сахнада сезімін білдірді. Еліміздің әр қаласында жеке кешін өткізіп жүрген Раим сахна сыртында жүрген Еркені шақырып, оған танымал блогер гүл шоғын ұсынған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Кезекті концертінің бірінде Раим сүйіктісі Ерке Есмаханға сахнада сезімін білдіреді.

"Мен сені сүйемін, жаным", - деді Раим сахна төрінде.

Осыдан соң танымал блогер сахнада Еркеге гүл шоғын ұсынып, құттықтаған.

Видеода Ерке Есмахан сахнаға шығып, "Не үшін, жаным" дейді. Осыдан соң елдің қошеметіне бөленген әнші гүл шоғын алып, сахнадан шығып кетті.

Айта кетейік, осыған дейін Ерке Есмаханның жұбайының концерттік киімін дайындаған сәті желіге таралып кеткен болатын.

Ал кешірек әнші жұбайы Раимға Instagram желісінде белгілі ақынның өлең жолдарын арнады.

"Жүзі қоңыр болғанмен, аппақ оның жүрегі.

Күлсе - шындап күледі. Ал, күрсінсе - түн еді", - деп жазды Ерке Есмахан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2012625-raim-erke-esmaxanga-saxnada-sezimin-bildirdi-video/

pixel