Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кәрі қыздар туралы әзілдеген Қайрат Әділгерейдің видеосы қызу талқыға түсті (видео)

Опубликовано:

Қайрат Әділгерей
Қайрат Әділгерей. Фото: Instagram/kairat_adilgerey

Қайрат Әділгерей әнші Кәмшат Жолдыбаеваның тұрмысқа шыққанына байланысты пікір білдірді. Актер танымал әншінің жас жігітке күйеуге шығуын әзілге айналдырған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Актердің видеосын жұбайы Бақыт Тұрман Instagram парақшасында жариялап, "Кәмшат (Жолдыбаева - ред.) туралы айтып жатыр", - деп жазып қойды.

Видеодан актердің белгісіз әйел адаммен сөйлесіп тұрғанын көруге болады.

"Біреудің баласына обал емес пе, кәрі әйелге үйлендірген? Мысалы, жап-жас бала. Қайдағы сүйген, қойшы, апа?! Басыма сыймайды, ұят тіпті. Биыл Құдайдан кәрі қыздарға квота бөлінді-ау деймін", - деді Қайрат Әділгерей видеода.

Ал желі қолданушылары актердің бұл әзілін әртүрлі қабылдаған.

"Әзілмен күшті жеткізеді", "Ер адам айтатын әңгіме емес", "Тисе, бақытты болсын", "Әркімнің өз тағдыры бар. Артық әңгіме айтудың керегі жоқ", - деді желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2012683-biyl-qudaidan-kari-qyzdarga-kvota-bolindi-au-deimin-qairat-adilgerei-kamsat-zoldybaevanyn-turmysqa-syqqanyna-qatysty-pikir-bildirdi-video/

pixel