"Өзім қойдым": Әли Оқапов тұңғышына есімді қалай таңдағанын айтты
Жарияланған күні:
Жұлдызды жұп Әли Оқапов пен Ақерке Бүркітбай жақында ұлды болды. Роза Рымбаеваның ұлы анасының рұқсатымен дүниеге келген тұңғышына өзі есім таңдағанын айтты, деп жазады massaget.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"17 ақпан бөпеміз дүниеге келді. Ұлды болдым. Бойы - 49 сантиметр, салмағы - 2900 грамм. Аты - Зейін. Оқапов Зейін Әлиұлы. Анам "атын өзің қой" деді. Көп ойланбай, перзентханадан шығармай тұрып, екі күн бұрын осы есім ойыма келді. Болашақта зейінді азамат болсын деп "Зейін" деп қойдым. Бастысы өзіме ұнайды", - деді әнші.
Сонымен қатар өнер иесі көптен күткен ұлына 24 сағат уақыт бөлгісі келетінін айтып, баласы дүниеге келгелі өмірінің қалай өзгергенін жасырмай баяндап берді.
"Алғашқы сәби болғаннан кейін, көп күткеннен кейін, 24 сағатты толықтай арнағың келеді. Шынымды айтайын, қиын. Жұмыс бар, ұйқы жоқ. Тамақты қалаған уақытта жемейсің. Керісінше, өте үлкен мотивация береді. Жаңа адам, сен сол үшін бәрін жасау керексің. Неге ән жазбасқа? Неге сахнаға шықпаса? Уақыт болмаса да, күш береді", - деді Әли Оқапов.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Әли Оқапов 2020 жылдың тамызында Әли Оқапов сахналас әріптесі Ақерке Бүркітбаймен шаңырақ көтерген болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2013180-ozim-qoidym-ali-oqapov-tungysyna-esimdi-qalai-tandaganyn-aitty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.