Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Трагедия жасамаймын": Меруерт Түсіпбаева өзіне де тойда сүйіп, жабысатын адамдар барын жасырмады

Опубликовано:

Меруерт Түсіпбаева
Меруерт Түсіпбаева. Фото: Instagram/meruert_tusupbaeva

Отандық әнші Меруерт Түсіпбаева тойда өзіне ішімдік ішкен адамдардың жабысып, сүйген сәті болғанын жасырмады. Өнер иесі Instagram желісінде бұл жағдайдан трагедия жасамайтынын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Бұрын адамдар әртістер мен Бибігүл Төлегенова сияқты жұлдыздарды тек сахнадан , теледидардан көретін. Қазір жағдай басқа. Әртістердің бәрі тойға шығып кетті. Сонысымен қолжетімді болды ма? Мені талай тойда ән айтып тұрғанымда, ішімдік ішкен адамдар қысып, жабысып, сүйеді. Баяғыдан солай, одан трагедия жасамаймын.

Әртістер - белгілі бір дәрежеде қызмет көрсету саласының адамы. Әр саланың, әр мамандықтың өз қиындығы бар. Кей адамдар бізді көк жәшіктен көрген соң, ерекше адам деп есептейді ғой. Тойда көңілі тасып, ішімдік ішсе де, ішпесе де, тірі әртісті көрген соң, қайтсін енді...", - деп жазды Меруерт Түсіпбаева.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін әлеуметтік желіде Мадина Сәдуақасованың тойда бетін сүйген ер адамның видеосы таралған еді.

Кейінірек әнші бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді.

Сонымен қатар "Музарт" тобының әншісі Кенжебек Жанәбіловтің де желіде видеосы тарады. Онда тойда ән салып тұрған әншінің шашын тартқан ер адамды байқауға болады. "Музарттық" әнші болған оқиға жайлы баяндап берген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2013557-tragediya-zasamaimyn-meruert-tusipbaeva-ozin-de-toida-suiip-zabysatyn-adamdar-baryn-zasyrmady/

pixel