Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қарызға": Абай Бегей өзіне танымалдық әкелген әнді 30 мың теңгеге сатып алған (видео)

Опубликовано:

Абай Бегей
Абай Бегей. Фото: "1001 түн" бағдарламасы

Отандық әнші Абай Бегей өзіне танымалдық сыйлаған "Аспанға қараймын" әнін отыз мың теңгеге сатып алған. Өнер иесі бұл туралы "Jibek joly" арнасында айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Басқа стильде жиырма шақты әнім болды. "Аспанға қараймынды" әкелгенде, тойдың әні деп айтқым келмеді. Ұлықпан аға "Сен айтпасаң, Каспий тобы айтады" деді. Сонымен әнді өзім орындайтын болды.

Әнді 30 мың теңгеге сатып алдым. Ол ақшаны бір ағамыздан қарызға алдым. Ол кезде тойға көп шықпаймыз. Әрең дегенде ақшасын қайтарып бергенмін", - деді Абай Бегей.

Естеріңізге сала кетейік, Абай Бегей былтырғы жылы үйінің құрылысын аяқтап, зәулім баспанасын көпшілікке көрсеткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2013576-qaryzga-abai-begei-ozine-tanymaldylyq-akelgen-andi-30-myn-tengege-satyp-algan/

pixel