Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жақында тұрмысқа шыққан Кәмшат Жолдыбаева хиджабтағы видеосын бөлісті (видео)

Опубликовано:

Кәмшат Жолдыбаева
Кәмшат Жолдыбаева. Скриншот: instagram.com/kamshat__zholdybayeva

Жақында ұзатылған әнші Кәмшат Жолдыбаева көпшілік алдына хиджабпен шықты. Әншінің видеосы Instagram парақшасында жарияланды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Бұл мекенде болған адам қай жер екенін бірден таниды", - деп жазды әнші.

Ал желі қолданушылары видеоның Медина қаласында түсірілгенін болжады.

"Мединадағы құрма бағы ғой", "Бақытты бол", "Аяғыңыз ауыр ма?", "Кәмшат 180 градусқа өзгерді", - деп пікір білдірді желі қолданушылары.

Естеріңізге сала кетейік, наурыз айының басында желіде отандық әнші әрі актриса Кәмшат Жолдыбаеваға сырға салғаны жайлы ақпарат тараған болатын.

Ал әншінің ұзатуынан кейін бірнеше күн өткенде Кәмшат Жолдыбаеваның басына ақ орамал салған сәттің видеосы пайда болды. Кәмшат Жолдыбаева отандық актер Ғазрет Қажымұқанұлының үйіне келін болып түскен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2013644-zaqynda-turmysqa-syqqan-kamsat-zoldybaeva-xidzabtagy-videosyn-bolisti-video/

pixel