Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жанар Дұғалованың үйлену тойы қалай өтті (видео)

Опубликовано:

Жанар Дұғалова жұбайымен
Жанар Дұғалова жұбайымен. Скриншот: @ShowBusinessKazakhstan

Өткен демалыстарда отандық әнші әрі актриса Жанар Дұғалованың үйлену тойы дүркіреп өтті. Әншінің тойының видеосы әлеуметтік желіге таралып кетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

ТikTok желісіне таралған видеодан Жанар Дұғалова мен жұбайының мейрамхана ортасына биге шыққанын көруге болады.

Әншінің тойына өнердегі әріптестері келіп, ән мен биден шашу шашқан.

Айта кетейік, осыған дейін Жанар Дұғалованың ұзату тойы өткен болатын. Қазақы салт-дәстүрмен ұзатылған әншіні той соңында Мадина Сәдуақасова күйеу жігіттің қолына тапсырды.

Ал кейінірек Мадина Сәдуақасова Жанар Дұғаловаға ұзату тойында гауһар тасты жүзік сыйға тартты.

Сонымен қатар желіде Жанар Дұғалованың күйеу жігітің кім екені жайлы ақпарат пен суреті таралып кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2013852-zelide-zanar-dugalovanyn-toiynan-video-tarady-video/

pixel