Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қартаюға уақытым жоқ": 46 жасқа аяқ басқан Гүлнұр Оразымбетова жас көрінуінің құпиясын бөлісті

Опубликовано:

Гүлнұр Оразымбетова
Гүлнұр Оразымбетова. Фото: instagram.com/gulnurorazymbetova

Отандық танымал әнші, тележүргізуші Гүлнұр Оразымбетова көпшілікке жас көрінуінің құпиясын бөлісті. Әнші биыл 46 жасқа келетінін де жасырмай баяндап берді, деп жазады NEGE.KZ сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Жасырмаймын, бұйырса, биыл 46 жасқа толамын. Бірақ табиғат берген бет-ажарыма өзгеріс енгізем деп ота жасатып көрмеппін. Бірақ міндетті түрде косметологқа барып, күтім жасатып отырамын. Себебі, теледидарға түсерде жағылатын түрлі бояу бет терісіне ерте әжім түсіруі мүмкін.

Спортпен шұғылданамын әрі дұрыс тамақтанамын. Дер кезінде дәрумен ішіп тұруды әдетке айналдыру керек. Соның арқасында болар, кейде ұлдарыммен бірге сауда орталығына барғанда біреуі "анашым" деп қалса, жұрт жалт қарап жатады.

Содан кейін отбасындағы қарым-қатынас, істеп жатқан жұмысың, одан алар рахатың адамның көркін келтіретін сияқты. Жанұядағы жағдай әйелдің бет-әлпетінен көрініс табады.

Құдайға шүкір, отағасы мен ұлдарым маған әрдайым қолдау көрсетіп отырады. Бұл мені тыңдарман арасына шыққанда шабыттандыра түседі. Сондықтан қартаюға уақытым жоқ. Жұмысбасты болып кеткенде денсаулықты қалыс қалдыратынымыз бар. Дегенмен, бірінші байлық тәннің саулығы екенін естен шығармағанымыз жөн. Онсыз ешқандай жетістікке жету қиын", - деді Гүлнұр Оразымбетова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2013879-biyl-46-zasqa-tolamyn-gulnur-orazymbetova-zas-korinuinin-qupiyasyn-bolisti/

pixel